Қазақстан Республикасының аумағында 2024 жылғы 1 наурыздан бастап бірыңғай сағат белдеуі белгіленуіне байланысты, орталық мемлекеттік органдар «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулысын қабылдай отырып, тиісті салаларда уақтылы көшу бойынша алдын ала дайындық шараларын жүргізуі қажет. Осыған байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 20:00-ден бастап 2024 жылғы 1 наурыз сағат 04:00-ге дейін веб-порталда техникалық жұмыс жүргізілетінін хабарлаймыз.
2024 ж. 26 ақп., 12:17:34