Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электронды сатып алу кезінде әлеуетті жеткізуші сатпы алу порталында екі баға ұсынысын ұсынған.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электронды сатып алу кезінде әрбір әлеуетті жеткізуші сатып алу порталында бір ғана баға ұсынысын береді.

Сатып алу порталында баға ұсынысын ұсыну әлеуетті жеткізушінің басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға толтырған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған нысанын толтыру арқылы сатып алу порталында автоматты түрде тіркеліп жүзеге асырылады.

Өз кезегінде әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы, егер әлеуетті жеткізуші 1 (бірден) артық баға ұсынысын табыс етсе қабылданбайды.