Пайдаланушыға екі көрсетілім режимі қолжетімді (Сурет 1):
● Базалық;
● Кеңейтілген.
Режимдер арасында ауысу «Баптаулар» терезесінде тікелей жүзеге асырылады, бұл ретте өзгерістер таңдалғаннан кейін бірден қолданылады.
Көрсетілім режимінің баптаулары мен интерфейс тілін таңдау арасында «Навигациялық панельде құжатты көрсету» деген чекбокс орналасқан (Сурет 2). Бұл параметрді қосқан кезде «Кеңейтілген» режимінде жүйедегі құжаттарды көрсету тәсілі өзгереді:
● Опция өшірілген жағдайда жалпы тізімнен құжатты басқанда құжаттың бетіне өту жүзеге асады;
● Опция қосылған жағдайда құжаттың карточкасы сол бетте ашылады, ал сол жақта жалпы қолжетімді құжаттардың тізімі көрсетіледі.
Жүйе интерфейсінің екі тілін қолдайды:
● Қазақ тілі;
● Орыс тілі.
Тілді ауыстыру үшін «Интерфейс тілі» блогында қажетті нұсқаны таңдау керек. Таңдаудан кейін жүйенің барлық бөлімдері мен жазбалары автоматты түрде таңдалған тілде көрсетіледі.
Сурет 2