Егер сізге құжаттарды іздеу үшін қосымша шарттар қажет болса, кеңейтілген сүзгілеу белгішесін («қосу» белгісі және сызықтармен) басыңыз. Басқаннан кейін жүйе қосымша сүзгілер блогын ашып, онда егжей-тегжейлі критерийлерді көрсетуге болады.
Жұмыс кеңістігінің жоғарғы бөлігінде, іздеу жолының астында негізгі сүзгілеу параметрлері көрсетіледі:
● Құжат түрі — ашылмалы тізімнен таңдаңыз;
● Құжат мәртебесі — ашылмалы тізімнен таңдаңыз;
● Құрылған күні — күнтізбеден күнді таңдаңыз;
● Аяқталған күні — күнтізбеден күнді таңдаңыз;
● Құжат авторы — ашылмалы тізімнен таңдаңыз;
● Контрагенттің ЖСН/БСН - қолмен енгізіңіз;
● Контрагент — ашылмалы тізімнен таңдаңыз;
Сіз бір немесе бірнеше сүзгілеу параметрлерін толтырып, «Табу» батырмасын баса аласыз. Таңдалған барлық шарттарды тазалау үшін «Барлығын тазалау» батырмасын пайдаланыңыз.