Құжат айналымы жүйесіне қызметкерлерді қосуға байланысты кіріс және шығыс сұрау салуларды басқаруға арналған. Ол екі кіші бөлімге бөлінеді:
● Кіріс сұрау салулар – бұл бөлімде компанияға қосылуға сұрау салған барлық қызметкерлер көрсетіледі (Сурет 1). Компания әкімшісі:
○ Сұрау салуды қабылдау – қызметкер компанияның бөлігі болады, содан кейін оған құрылымдық бөлімше мен лауазым тағайындауға болады;
○ Сұрау салуды қабылдамау – қызметкердің өтініші қабылданбайды, және ол компания кабинетіне қолжетімділік алмайды.
Сурет 1
● Шығыс сұрау салулар – бұл бөлімде тіркелу үшін жіберілген шақырулар көрсетіледі (Сурет 2). Компания әкімшісі:
○ Шақыру сілтемесін көшіру — қызметкерге тікелей жіберу үшін;
○ Шақыруды болдырмау — бұрын жіберілген шақыруды жою.
Сурет 2