Ішкі хаттың бағыты

«Құжат бағыты» қойындысы құжатты өңдеу кезеңдерін баптауға арналған. Бұл қадамда сіз құжаттың келісуден бастап жіберуге дейінгі өтетін әрекеттерінің реттілігін анықтайсыз.

Қажет болған жағдайда, «Кезең қосу» батырмасын басу арқылы қосымша келісу кезеңін қоса аласыз. Әрбір кезең үшін міндетті түрде (міндетті өрістер * белгіленген) көрсетіледі:

● Қызметкер – тегі немесе электрондық пошта арқылы іздеу мүмкіндігі бар тізімнен таңдалады.

● Орындау мерзімі – күнтізбеден таңдалатын орындау күні көрсетіледі.

● Ескертпе – қызметкерге түсініктеме немесе қосымша мәліметтер қалдыруға болады.

Келісудің екі түрі қолжетімді:

● Тізбекті – әрбір қатысушы құжатты қатаң түрде ретімен өңдейді;

● Параллельді – бірнеше қызметкер құжатпен бір уақытта жұмыс істей алады.

Келісу кезеңін баптау (Сурет 1)

Сурет 1

Егер параллельді келісуді баптау қажет болса, бір кезеңге бірнеше келісуші қызметкер қосылады. Ол үшін «Келісуші қосу» батырмасын басасыз, содан кейін жүйе кезеңнің атауын «Келісу»-ден «Параллельді келісу»-ге автоматты түрде өзгертеді. Бұл жағдайда барлық таңдалған қызметкерлер құжатты бір уақытта алады және оны параллельді түрде келісе алады (Сурет 2).

Сурет 2.
Тізбекті келісуді баптау үшін бірнеше келісу кезеңдері жасалады. Мысалы, бірінші кезең – Келісу, екінші кезең – Келісу. Бұл жағдайда құжат алдымен бірінші қызметкерге келісуге жіберіледі, ал кезең аяқталғаннан кейін автоматты түрде келесі қызметкерге өтеді (Сурет 3).

Сурет 3.

Ескерту! Құжаттың бағытында параллельді де, тізбекті де келісуді баптауға болады.

Құжатты бағыт бойынша жібергеннен кейін, «Құжатты бағыт бойынша жіберу» батырмасын басу арқылы жүйе оны бапталған кезеңдерге сәйкес өңдей бастайды – келісу, қол қою және жіберу. Құжаттың карточка бетінде «Құжат бағыты» қойындысы көрсетіледі, онда кезеңдер, орындаушы қызметкерлер және орындау мерзімдері туралы ақпарат беріледі. Құжаттың мәртебесі бағыттың ағымдағы өту кезеңіне байланысты автоматты түрде өзгереді (Сурет 4).

Сурет 4.

Қажет болған жағдайда, сіз құжатты редакциялау мүмкіндігіне ие боласыз, «Тағы» → «Құжатты кері қайтару» батырмасын басу арқылы. Бұл жағдайда жүйе кері шақыру себебін көрсету қажет болатын модальді терезені ашады. Өріс міндетті болып табылады, себептің ең аз ұзындығы 20 символ (Сурет 3).

Сурет 3

Қажет болған жағдайда, құжаттың бағытында тапсырманы басқа қызметкерге қайта тағайындауға болады.

Осы үшін сіз ағымдағы орындаушыға қарама-қарсы орналасқан үш нүктесі бар батырманы басасыз. Осыдан кейін жүйе «Тапсырманы қайта тағайындау» модальді терезесін ашады, онда қызметкерлер тізімінен жаңа орындаушыны таңдау, орындау мерзімін көрсету (күнтізбе арқылы таңдалады) қажет, сондай-ақ міндетті түрде қайта тағайындау себебін толтыру керек. Себеп егжей-тегжейлі сипатталуы тиіс, себебі бұл өріс міндетті болып табылады (Сурет 4).

Деректерді енгізгеннен кейін «Қайта тағайындау» батырмасын басу қажет, және жүйе автоматты түрде құжаттың жаңа орындаушы мен көрсетілген мерзімді ескере отырып, бағытын жаңартады.

Сурет 4