Портал жоспармен одан әрі жұмыс істеуге мүмкіндік береді сонымен қатар сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік береді. Сатып алулар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, Порталда орналастырылған жоспардың тармақтарын өзгертуге және толықтыруға жол беріледі.
«Шимай нұсқа» статусы бар жоспардың тармақтары редакциялауға/ жоюға жататындығына назар аударған жөн.
Егер сізге «Бекітілген», «Өтінім» кезеңінде жоспардың бір тармағын өзгерту/жою қажет болса, жоспар тармағын «Шимай нұсқа» күйіне қайтарып, оны өңдеп, өзгертулерді сақтап, қайта бекітуіңіз керек.
Жоспар тармағының статусы келесі мағыналардан тұруы мүмкін:
1. «Шимай нұсқа» – жоспардың тармағын өзгертуге және жоюға болатын жалғыз мағыналық статус.
2. Бекітілді – жылдық жоспар бекітілген деп саналады, және оның редакциялануы, егерде оны «Шимай нұсқаға» кері шақырған және қайтарған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бұл үшін «Жылдық жоспар» мәзіріне өтіңіз – жоспардың қажетті тармағын бөліп көрсетіңіз - «Тағыда-Кері қайтару» батырмасын басыңыз.
3. Өтінім– бұл «Сатып алулар – Менің өтінімім» мәзірінің тармағына өте отырып және редакциялау қажет болған өтінімнің атауын белгілеп редакциялауға болатын жоспардың бекітілген тармағы. Сосын «Таңдалып алынғанды кері қайтару» батырмасын басыңыз.
Пайда болған терезеде өтінімді кері қайтару себебін көрсетіңіз.
Сосын қайтадан өзіңіздің өтінімді белгілеңіз және «Кері қайтару» батырмасын басыңыз. Кері қайтарғаннан кейін Сіздің жылдық жоспарыңыздың статусы кез келген уақытта редакциялауға болатын «Шимай нұсқа» мағынасына ие болады.
4. Лот жобасы– бұл статус оған арналған хабарлама жасалған, бірақ жарияланбаған жағдайда жылдық жоспарға тағайындалады. Осындай статусы бар жоспар тармағын редакциялау үшін сатып алуды Ұйымдастырушы рөлі бар пайдаланушы «Сатып алулар – Менің өтінімдерім – Хабарлама жобаларының тізімі» қосымша парақшасына өтуі керек.
Пайда болған тізім терезесінде статусы «Лот жобасы» мәнінен «Өтінім» мәніне ауыстыру қажет болатын лотты жою қажет. Таңдалған лот Жылдық жоспарда Өтінім ретінде қайта пайда болады, ал Тапсырыс беруші рөлі бар пайдаланушы жоспар тармағын өзгерту мүмкіндігін алу үшін алдыңғы тармақтың барлық қадамдарынан өте алады.
5. Жарияланды – сатып алу жарияланған деп саналатын жоспар тармағы. Егер жоспар тармағын өзгертуге болатын болса, онда редакциялау (қарандаш) белгісі көрсетіледі. Егер редакциялау белгісі (қарындаш) көрсетілмесе, бұл редакциялау мүмкін емес дегенді білдіреді.
Жарияланған жоспар тармағын редакциялау үшін оған сатып алудың жылдық жоспарынан кіру керек. Өзгерту енгізуге арналған терезе ашылады. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауларына өзгерістер/толықтырулар енгізуге жол берілмейді. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сипаттамаларын, санын, бірлік бағасын, жеткізу уақыты мен орнын, техникалық ерекшеліктерін өзгерту/толықтыруға болады.
Техникалық ерекше нұсқаманы өзгерту үшін «Кәрзеңке» батырмасын басып қоса берілген файлды жойыңыз және жаңасын қосып қойыңыз. Редакциялаудан кейін міндетті түрде енгізілген өзгерістің себебін көрсету қажет және «Өзгерту енгізу» батырмасын басыңыз.
Бұл жағдайда әлеуетті жеткізушілердің өтінімдері автоматты түрде кері қайтарылады және олар сатып алуға қандай өзгерістер енгізілгені туралы хабарлама алады.