Хабарландыруға лицензияны қосу

Хабарландыруға лицензияны қосу үшін пайдаланушы «Ұйымдастырушы» рөлімен хабарландыру жобасына өтіп «Талаптар мен құжаттар» блогында «Қосу» батырмасын басу керек, содан кейін «Лицензия немесе рұқсат»

тармағын таңдау керек. (1-сурет).

1 Сурет

Элементті таңдағаннан кейін «Жаңа талап» модальды терезесі ашылады, онда пайдаланушы лицензия туралы мәліметтерді көрсетуі керек (1-сурет).

2 Сурет

Лицензияны іздеу үшін ұйымдастырушы «Лицензия» жолағына лицензияның атауын немесе лицензия кодын енгізуі қажет, содан кейін ашылмалы тізімнен қажетті мәнді таңдауы керек (3-сурет).

Талапты қосу кезінде тек негізгі лицензияны таңдау қажет. Қажет болған жағдайда лицензия кодының кіші түрі сатып алу шарттарында көрсетіледі.

3 Сурет

Порталда берілген Іс-шаралар анықтамалығы

Қажет болған жағдайда пайдаланушы талаптың орыс және мемлекеттік тілдердегі сипаттамасын қоса алғанда, талаптың қосымша жолақтарын толтыра алады, сондай-ақ растайтын құжаттарды көрсете алады.

Лицензияны таңдағаннан кейін, пайдаланушы «Қосу» батырмасын басу арқылы сатып алуға талап қосуы керек. Сәтті қосылғаннан кейін Жүйе лицензияны тиісті лот бойынша талаптар тізімінде көрсетеді (4-сурет).

4 Сурет

Хабарландыру жарияланғаннан кейін Жүйе хабарландыру картасында қосылған лицензия туралы мәліметтерді көрсетеді. Хабарландыру карточкасында тиісті лицензиясы және (немесе) рұқсат құжаты, сондай-ақ таңдалған лицензияның коды мен атауы бар әлеуетті жеткізушілер арасында сатып алуды өткізу белгісі көрсетіледі (5-сурет).

5 Сурет