Талаптар шаблондары

Порталда кейіннен сатып алу талаптарын құру процесін жеңілдетуге арналған сатып алуларға арналған шаблондарды жасау мүмкіндіктері жүзеге асырылған. Шаблондар саны шексіз және ұқсас сатып алуларға қойылатын талаптарды топтастыруға мүмкіндік береді. Хабарландыруды құру кезінде шаблондарды пайдалану мүмкіндіктері бар. 

Талаптар шаблондарын құру үшін «Сатып алулар – Талаптар шаблондары» мәзірі.

Жаңа шаблонды құру үшін «Қосу» функциясын пайдаланыңыз.

«Мемлекеттік тілде атауы», «Орыс тілінде атауы» жолағына талаптардың жаңа шаблонын құру кезінде шаблонның атын жазу қажет және ашылмалы тізімнен «Сатып алу тәсілін» таңдау керек.

Бұдан әрі «Жалпы талаптар», «Әрбір лот бойынша талаптар» – әрбір категориялар бойынша талаптарды толтыру керек. 

Жалпы талаптар:

Келесі талаптарды қосу үшін «Қосу» батырмасын басу қажет.

Әрбір лот бойынша талаптар:

Келесі талаптарды қосу үшін «Қосу» батырмасын басу қажет.

Барлық талаптарды толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.  


Талаптарды әзірлеу процесін жеңілдету үшін хабарландыру жасаған кезде дайын шаблондарды қолданыңыз. Дайындалған талаптарды пайдалану үшін «Шаблонды таңдау» функциясын қолданыңыз. Қажет болған жағдайда, талаптарды жою / қосу /түзету арқылы реттеуге болады. Шаблоннан талаптарды өзгерту тек нақты хабарламаға қолданылады және шаблонның өзін өзгертпейді.