Жеткізушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етудің енгізуі

Жеткізушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етудің түрлері:


1.Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді электрондық әмиян түрінде енгізу           

 

Жеткізушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді электрондық әмиян түрінде енгізу үшін Жеткізуші  Шарт карточкасында «Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу» батырмасын басады

«Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу» батырмасын басқан кезде жүйе қажетті сома бойынша нұсқауды көрсетеді.

Жеткізуші құжатты қалыптастырады ЭЦҚ кілтімен «Шарттың орындалуын қамтамасыз ету туралы ақпарат» электрондық құжатын қалыптастырады және қол қояды. Қол қойылғаннан кейін Портал «Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді бұғаттау» түріндегі транзакцияны жүргізеді және қатысушы Шартының орындалуын қамтамасыз етудің бұғатталған сомасы бойынша транзакцияны 1С жүйесіне жібереді.

Егер өтінішке қол қою кезінде шарттың орындалуын қамтамасыз етудің бұғатталған сомасы бойынша транзакцияны 1С жүйесіне жіберу қатесі туындаған жағдайда, онда Портал тиісті хабарламаны көрсетеді


2. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді электрондық банктік кепілдік түрінде енгізу

Егер Жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді электрондық банк кепілдігі түрінде енгізген жағдайда, онда электрондық банк кепілдігі бекітілгеннен кейін Портал электрондық құжатты Шарттың карточкасында көрсетеді, сондай-ақ Шарттың авторына хабарлама жібереді


3. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ақшалай кепілдік төлем немесе қағаз банктік кепілдік түрінде енгізу

Жеткізушінің шарт карточкасында жою мүмкіндігі арқылы енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз ету туралы құжатты тіркеуге мүмкіндігі бар. Тіркеу үшін «Файлды жүктеу» батырмасын басу қажет

бұдан әрі Портал енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз ету туралы шарт авторына хабарлама жібереді