Тендер тәсілімен сатып алу кезінде сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді берудің соңғы күні аяқталғанға дейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей өзінің бастамасы бойынша немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендердің талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік 5 күнге ұзартылады.
Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу кезінде бұрын жарияланған хабарландыруға баға ұсыныстарын табыс ететін соңғы күнге дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді. Бұл ретте сатып алуды ұйымдастырушы сатып алу порталында хабарландыруға енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жариялайды және баға ұсыныстарын табыс ету мерзімін кемінде 5 (бес) жұмыс күніне ұзартады.
Бұдан әрі «Техникалық ерекше нұсқама» бөлімінде файлды жоюға және қажетті құжатты (файлды) жүктеуге болады.