«Ұйым администраторы» рөлі болмаған жағдайда, жеткізуші көрсетілген рөлді тағайындауы үшін Сатып алулар порталы Операторының бірінші басшысының атына ресми түрде хат жолдауы тиіс.
Хат кез келген нысанда дайындалған және онда:
- ұйымның атауы және БСН;
- тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және пайдаланушының ЖСН.
Бұл деректерді порталда «Заңдылық аспектілер» бөлімінде ілінген хат үлгісіне (Ұйым администраторы рөлін өзгертуге хат) енгізіп, қолтаңба, мөр қойып сканерленген хатты жіберсеңіз болады