meta data for this page
  •  

Сатып алу порталында электрондық әмиянды қалай пайдалануға болады.

Сатып алу порталындағы электрондық әмиян сатып алу порталы операторының банктік шотына әлеуетті жеткізуші немесе жеткізуші тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуге, сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге ақша енгізген кезде сатып алу порталы операторының ақпараттық жүйесінде көрінетін әлеуетті жеткізушінің немесе жеткізушінің жеке шоты болып табылады.

Жеке шот бойынша ақпарат сатып алу порталында пайдаланушының жеке кабинетінде көрінеді.

Толық ақпарат сатып алу порталының басты бетіндегі «Техникалық қолдау» бөлімінің «Анықтама орталығы» бһлімшесінде орналасқан.