Жаңалықтар /
                                Сатып алудағы цифрлық теңге: Жеткізушілер үшін жаңа мүмкіндіктер!            
         
        
        
        
        
        
            
Бұл сіз үшін нені білдіреді?
  Бұл жоба сатып алудың негізгі рәсімдері өзгеріссіз қалатын есеп айырысудың жаңа тәсілін енгізеді.
    - Арнайы белгіні іздеңіз: Цифрлық      теңгемен ақы төленетін сатып алудың хабарландыруда тиісті белгісі болады.
- Сатып алу процесі өзгермейді: Сіз      бұрынғыдай zakup.nationalbank.kz порталында      қолданыстағы Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидаларына      сәйкес сатып алуға қатысасыз.
- Ақы төлеудің жаңа тәсілі: Цифрлық      теңге – бұл жасалып қойған шарттар бойынша төлем алудың қосымша, заманауи      және қауіпсіз тәсілі.
- Бұл оңай және сенімді: 1 цифрлық      теңге әрқашан 1 кәдімгі теңгеге тең. Сіз оны кез келген уақытта қолма-қол емес      ақшаға еркін айырбастай аласыз.
    Цифрлық теңгемен төлемді қалай алуға болады?
  Цифрлық теңгемен есеп айырысуға қатысушы болу оңай. Ол үшін мынадай үш қадамды орындау керек:
  - Сатып алуда жеңімпаз болыңыз: Ұлттық Банкпен немесе оның еншілес ұйымымен «Цифрлық теңгемен төлеу» деп белгіленген лот бойынша сатып алу туралы шарт жасаңыз.
- Цифрлық шот ашыңыз: Арнайы цифрлық шот ашу үшін өзіңізге қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банкке хабарласыңыз. Жобаға қатысушы банктер (Агенттер) сізге барлық қажет ақпаратты беріп, шот ашуға көмектеседі.
- Төлемді алыңыз: Шарт бойынша төлемді есепке жатқызу үшін тапсырыс берушіге жаңа цифрлық шотыңыздың деректемелерін беріңіз.
Сіздің бизнесіңіз үшін артықшылықтар
  - Инновациялар: Ұлттық ауқымдағы озық қаржылық жобаның бір бөлігі болып, қазірден болашақтың төлем құралын пайдаланыңыз.
- Ыңғайлылық: Цифрлық теңгемен есеп айырысу әдеттегі банктік инфрақұрылымға біріктірілген.
- Айқындылық: Цифрлық теңге технологиясы транзакциялардың айқындылығы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Сатып алуға қатысып, цифрлық теңге арқылы жаңа қаржы мүмкіндіктерін ашыңыз!
  Цифрлық теңге туралы көбірек білгіңіз келсе        
        
        
            
                Сатып алудағы цифрлық теңге            
            
                
                    2025 ж. 12 қыр., 10:34:08