Құрметті Сатып алу порталының пайдаланушылары, Сіздерге «Электрондық құжат айналымы (E-DOC)» жаңа функционалының іске асырылғанын хабарлаймыз, осыған байланысты барлық пайдаланушыларға сілтеме сілтемеге арқылы өтіп, жаңа функционалды пайдалану тәртібімен танысу қажет

Жаңалықтар

12 жазбадан 1-10 аралығы көрсетілген.

Сатып алу порталының жаңа функционалы: лицензиялар мен рұқсаттармен жұмыс

Құрметті «ҚРҰБ Сатып алу порталы» АҚ пайдаланушылары!

Сатып алу порталы «Е-лицензиялау» мемлекеттік ақпараттық жүйесінен (e-license.gov.kz) лицензиялар, рұқсаттар, хабарламалар туралы мәліметтерді автоматты түрде алу және пайдалану бойынша жаңа функционалы жүзеге асырылғанын хабарлаймыз.

Жаңа функцияның шеңберінде:

  • Жеткізушілер өздерінің лицензиялары мен рұқсат беру құжаттарды жеке кабинетіне автоматты түрде жүктей алады;
  • Лицензияны талап ететін сатып алуларды өткізу кезінде жүйе автоматты түрде жеткізушінің белгіленген талаптарға сәйкестігін ескереді;
  • Лицензиялар өтінімді жіберу кезінде автоматты түрде өтінім құрамына қосылады (жарамды лицензия болған жағдайда).

Жаңа функцияны пайдалану нұсқаулары мына сілтемелер бойынша қолжетімді:

Ескертпе: Егер лицензия автоматты режимде қолжетімді болмаса немесе қызмет уақытша қолжетімсіз болған жағдайда лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарды қолмен тіркеуге болады.

2026 ж. 26 ақпан

Сатып алу порталының жаңа функционалы: Қосымша баға ұсынысын ұсыну

Құрметті «ҚРҰБ Сатып алу порталы» ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары!

Сатып алу қағидаларына енгізілген өзгертулер шеңберінде Порталда жаңа функцияның енгізілгенін хабарлаймыз.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес:

  • Егер тендерге (лотқа) бір ғана тендерлік өтінім берілсе және әлеуетті жеткізуші қатысуға жіберілсе,
  • мұндай әлеуетті өнім берушіге рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрын ұсынылған бағадан кемінде 3 %-ға бағаны төмен ұсыну арқылы қосымша баға ұсынысын ұсыну мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі;
  • қосымша баға ұсынысы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі;
  • бағаның кемінде 3%-ға төмендеуімен қосымша баға ұсынысы ұсынылмаса, тендер өткізілмеді деп танылады.

Көрсетілген функция 2026 жылдың 1 ақпанынан кейін хабарландырулар жарияланған тендер негізіндегі сатып алуларға қолданылады.

2026 ж. 6 ақпан

ҚРҰБ Сатып алу порталының жаңа функционалы: Маркетингтік талдау және Электрондық құжат айналымы

Құрметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сатып алу порталының пайдаланушылары!

Сатып алу порталында жүйені жаңғыртуға және сатып алу қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа пысықтаулар іске асырылды.

2025 ж. 27 қараша

Жаңа функционал: ҚРҰБ сатып алу порталының ашық API

Құрметті тапсырыс берушілер!

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сатып алу порталында деректер алмасуды автоматтандыруға арналған ашық API функционалы іске асырылды.

API көмегімен сіз:

  • бекітілген Сатып алу жоспарын ҚРҰБ Сатып алу порталына жіберуге;
  • Сатып алу жоспарының орындалуы туралы есепті ҚРҰБ Сатып алу порталынан алуға мүмкіндік аласыз.

API мүмкіндіктері туралы толық ақпарат, сондай-ақ қосылу жөніндегі нұсқаулық «Әзірлеушілерге» бөлімінде орналастырылған.

API-ге қол жеткізу үшін техникалық құжаттамамен танысып, авторизациялық токен алу мақсатында «ҚҰБ Цифрлық даму орталығы» АҚ-ға сұрау жіберу қажет.

2025 ж. 6 қараша

Сатып алудағы цифрлық теңге: Жеткізушілер үшін жаңа мүмкіндіктер!

Қазақстан Ұлттық Банкі еншілес ұйымдардың қатысуымен цифрлық теңгені пайдалана отырып, сатып алуды өткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосады.

2025 ж. 12 қыркүйек

Назар аударыңыздар!

«Құрметті сатып алу порталының пайдаланушылары 2024 жылғы 17 маусымнан бастап Сатып алу порталында «Электрондық әмиян» жаңа функционалы іске асырылғанын хабарлаймыз.

Тендерге қатысқан кезде тендерлік өтінімді қамтамасыз ету электрондық әмиянда орналастырылған ақша немесе электрондық банк кепілдігі арқылы ғана енгізіледі!!!

Электрондық әмиянмен» жұмыс істеу үшін Сізге электрондық әмиянды толтыру қажет (мысалы, тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін тендер тәсілімен сатып алу бойынша).

Сондай-ақ, «Сатып алуғаға келісім»-ге әлеуметтік жеткізуші ЭЦҚ қолын қояды.

Сатып алу рәсімдеріне өзгерістер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 29 қаулысымен енгізілді.

Жаңа функционалмен танысу үшін төмендегі сілтемелер бойынша:



2024 ж. 11 маусым

Сатып алушылар назарына!

«Құқықтық аспектілер» бөлімінде келесі нормативтік құжаттар қосылғанына назар аударамыз:
1) Әлеуетті жеткізушілерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ұйымдарының АЖТ деректер қорына енгізу тәртібі
2) Тәртіпке 1-Қосымша

2023 ж. 22 қыркүйек

2022 ж. 15 шілде

Сатып алушылар назарына!!!

Сатып алу порталында шарт карталарын жасаған кезде, егерде Жеткізуші ҚҚС төлеуші болса, соның ішінде «ҚҚС төлеуші» белгісін қоюды қоса алғанда, барлық жолдарды мұқият толтыру керек екендігін ескеріңіз!

Егер Жеткізуші консорциумның өкілі болып табылса, үлгі бойынша шарттың Электрондық түріндегі «Консорциумның орыс және мемлекеттік тілдеріндегі атауы» жолын толтыру қажет, үлгі бойынша: (Консорциум – консорциумның атауы).

Шарттың карточкасын бекіткеннен кейін енгізілген деректер редакциялауға жатқызылмайды.

2022 ж. 25 сәуір

Сатып алушылар назарына!

Шартты бекіту нысанына (электрондық немесе қағаз тасымалдағыш форматында) қарамастан, сатып алулар порталында есептіліктің дұрыс көрсетілуі мақсатында шарттың карточкасын толтыруыңызды сұраймыз.

2020 ж. 20 қыркүйек