Құрметті Сатып алу порталының пайдаланушылары, Сіздерге «Электрондық құжат айналымы (E-DOC)» жаңа функционалының іске асырылғанын хабарлаймыз, осыған байланысты барлық пайдаланушыларға сілтеме сілтемеге арқылы өтіп, жаңа функционалды пайдалану тәртібімен танысу қажет

Жаңалықтар / Сатып алу порталының жаңа функционалы: Қосымша баға ұсынысын ұсыну


Құрметті «ҚРҰБ Сатып алу порталы» ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары!

Сатып алу қағидаларына енгізілген өзгертулер шеңберінде Порталда жаңа функцияның енгізілгенін хабарлаймыз.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес:

  • Егер тендерге (лотқа) бір ғана тендерлік өтінім берілсе және әлеуетті жеткізуші қатысуға жіберілсе,
  • мұндай әлеуетті өнім берушіге рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрын ұсынылған бағадан кемінде 3 %-ға бағаны төмен ұсыну арқылы қосымша баға ұсынысын ұсыну мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі;
  • қосымша баға ұсынысы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі;
  • бағаның кемінде 3%-ға төмендеуімен қосымша баға ұсынысы ұсынылмаса, тендер өткізілмеді деп танылады.

Көрсетілген функция 2026 жылдың 1 ақпанынан кейін хабарландырулар жарияланған тендер негізіндегі сатып алуларға қолданылады.


ҚРҰБ Сатып алу порталының жаңа функционалы

2026 ж. 06 ақп., 17:59:31