Құрметті өнім берушілер!
Сатып алу порталының операторы болып табылатын «Қазақстан Ұлттық Банкінің Цифрлық даму орталығы» АҚ басшылығының ауысуына байланысты жүргізіліп жатқан есеп айырысуларды түгендеу іс-шаралары шеңберінде Порталда 2026 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша кредиторлық берешекті салыстыру актілері орналастырылды.
Жеке кабинеттерінде актілер орналастырылған өнім берушілер көрсетілген мәліметтермен танысып, алшақтықтар болмаған жағдайда актіге қол қоюы қажет.
Актіге ұйым басшысының қол қою құқығы берілген ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, «Басшы» рөлі бар пайдаланушы қол қояды.
Алшақтықтар болған жағдайда, көрсетілген мерзімге дейін анықталған алшақтықтарды көрсете отырып, Порталдың техникалық қолдау қызметіне өтінім қалдыруды сұраймыз.
2026 ж. 27 там., 11:29:34