meta data for this page
  •  

Электрондық цифрлық қолтаңба

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ұйымдарының сатып алулары» порталында электрондық сатып алуларға қатысу үшін заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің сертификаты бар болуы тиіс.

Электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі мәтін бойынша - ЭЦҚ) –  электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның меншігі мен өзгермейтіндігін, иелену куәліктерін растайтын электрондық цифрлық белгілер жиынтығы.

Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшының өз қолымен қойылған қолымен баламалы болып табылады және келесі шарттарды орындаған кезде бірдей заңды салдарға ие:

1) электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы  тіркеу куәлігі бар ашық кілт арқылы куәландырылады;

2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға заңды түрде электрондық цифрлық қолтаңбаның жеке кілтіне ие болады;

3) электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес қолданылады;

4) электрондық цифрлық қолтаңба және тіркеу куәлігі Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландыру орталығы немесе Қазақстан Республикасының сенімді үшінші тұлғасы ретінде тіркелген шетелдік куәландыру орталығымен жасалған және берілген.

ЭЦҚ құжаттарына қол қою

Құжатқа қол қою үшін «СЕРТИФИКАТТЫ ТАҢДАУ» батырмасын басыңыз.

6849059.jpg

Жергілікті компьютерден ашылған терезеден  заңды тұлғалар үшін - GOST немесе  жеке тұлғалар үшін - RSA  (ЖТ) таңдаңыз.

6849060.jpg

Егер кілттер ақпараттың сыртқы тасымалдағышында болса KAZTOKEN таңдаңыз

6849061.jpg

Сосын қол қою үшін сертификаттың құпия сөзін енгізіңіз. Сертификаттың құпия сөзі ЭЦҚ алған кезде немесе ҚР ҰКО сайтындағы жеке кабинетте өзгерткен кезде жеке орнатылады.  

6849062.jpg

Егерде сіз дұрыс енгізсеңіз, файлға қол қою және сіздің сертификаттағы деректеріңіз туралы хабарлама пайда болады.

6849063.jpg