Құжаттармен жұмыс және Порталға файлдарды жүктеу

Барлық жүктелген құжаттар санаттарға сәйкес жүйеде сақталады және қажет болған жағдайда бірнеше рет қолдануға болады. Порталда келесі санаттағы құжаттар бар:

  • Жалпыға ортақ файлдар – көпшілік қарау және пайдалануға арналған құжаттар санаттары;
  • Жылдық жоспарлар – жылдық жоспарларды жүктеуге қолданылған құжаттар;
  • Шарттар жобасы – хабарламаға қоса берілген шарттар жобасы;
  • Техникалық ерекше нұсқама – сатып алулар хабарламаларына немесе өтінімдеріне қоса берілген құжаттар;
  • Жеке файлдар – Пайдаланушы келісімі;
  • Кәрзеңке – жойылғаннан кейін 30 күн ішінде, жүйеде сақталған жойылған файлдарды уақытша сақтау орны.

Қолданыстығы құжаттарды қарау, жою немесе жаңа құжаттарды тіркеу үшін «Файлдар» мәзіріне өтіңіз.

Жаңа құжатты жүктеу

Құжатты жүктеу үшін санаттарды таңдаңыз және «Жүктеу» батырмасын басыңыз

Статусын қараңыз

Қажетті файлды таңдаңыз, бұл ретте олардың форматы  txt, pdf немесе zip болуы тиіс.

Файлдарды жүктегеннен кейін нәтижелер туралы хабарлама келіп түседі. Бұдан әрі «Хабарлама» батырмасын басыңыз.

Статусты қараңыз

Хабарлама түрлері:

  • Файлды өңдеу аяқталды – файл жүйеге сәтті жеткізілгені туралы жүйелік хабарлама;
  • Файлды өңдеу қатемен аяқталды – файл жүйеге жеткізілмегені туралы жүйелік хабарлама. Бұл хабарлама ЭЦҚ сертификаты дұрыс көрсетілмеген жағдайда немесе жүйедегі техникалық қателіктерге байланысты жіберілуі мүмкін. Жоғарыдағы әрекеттерді қайталап орындаңыз және ЭЦҚ сертификатын мұқият таңдаңыз.

Құжатты жою

Құжатты жою үшін санатты және қажетті құжатты (тарды) таңдаңыз және «Жою» батырмасын басыңыз.

Жойылғаннан кейін жүйе құжатты «Кәрзеңкеде» 30 күн сақтайды.  Осы мерзім аяқталғанға дейін жойылған құжаттарды қалпына келтіруге болады.