meta data for this page
Компания Әкімшісінің шақыруы бойынша тіркелу
Компания Әкімшісі қызметкерлерге шақыруды екі тәсілмен жібере алады:
● қызметкерлердің электрондық поштасына сілтеме жіберу;
● немесе тікелей жаһандық сілтемені ұсыну.
Сілтемені құру- «Пайдаланушы қосу» батырмасын басу керек:
туралы толық ақпарат Қызметкерлердің Пайдаланушы Нұсқаулығының 5.4.2-тармағында сипатталған.
Сілтемені алғаннан кейін компания қызметкерлері ЭЦҚ пайдаланбай тіркеле алады. Шақыру жіберілгеннен кейін қызметкер өзінің электрондық поштасына хабарлама алады.
Тіркеу формасында қызметкерге (міндетті өрістер * белгіленген) толтыру қажет:
● ЖСН;
● тегін, атын, әкесінің атын;
● электрондық поштаны (шақырумен сәйкес келуі тиіс);
● телефон нөмірін;
● құпиясөз және құпиясөзді растау - кемінде 8 таңба.
Сонымен қатар, қызметкер пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдап, «Тіркелу» батырмасын басуы керек (Сурет 1).
Сурет 1
Тіркеу аяқталғаннан кейін жүйе жаңа пайдаланушы туралы хабарламаны Компания Әкімшісіне жібереді. Әкімші қызметкерді растап, оған лауазым және бөлімше тағайындауы тиіс (қажет болған жағдайда).
Растаудан кейін қызметкер тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы мен құпиясөзді пайдаланып жүйеге кіре алады.


