meta data for this page
Электрондық банктік кепілдікті қалыптастыру
Электрондық банктік кепілдіктің жасалуын жүзеге асыру үшін «Банк кабинеті» - «Банктік кепілдік» мәзіріне кіру қажет.
Бұл функционалдылық тек «ЭБК Бастамашысы» ролі бар банк қызметкерлеріне – пайдаланушыларға қолжетімді.
Электрондық банктік кепілдікті қалыптастыру үшін «Банк кабинеті» - «Банктік кепілдік» мәзіріне кіріңіз және «Жасау» батырмасын басыңыз.
Банктік кепілдік түрін таңдаңыз, «Банктік кепілдік сомасы» жолағын және «Жеткізушінің БСН\ЖСН» жолағын толтырыңыз, «Бұдан әрі» батырмасын басыңыз.
Электрондық банктік кепілдікті толтыру формасы ашылады.
«Жалпы ақпараттар» қосымша парағы бойынша деректерді толтырыңыз.
Жолақтарды келесі бейнеде толтырыңыз:
- Кепілдік міндеттеменің нөмері – рет-реті бойынша ЭБК нөмері;
- Банктік кепілдіктің қолданылу мерзімі – Күнтізбеден күнін таңдаңыз;
- Хабарламаның нөмері – Жүйеден хабарламаның нөмерін толтырыңыз;
- Хабарламаның мемлекеттік тілдегі атауы – Автоматты түрде толтырылады;
- Хабарламаның орыс тіліндегі атауы – Автоматты түрде толтырылады;
- Лот нөмері – Ұсынылған тізімнен лот нөмерін таңдаңыз;
- Лоттың мемлекеттік тілдегі атауы – Автоматты түрде толтырылады;
- Лоттың орыс тіліндегі атауы – Автоматты түрде толтырылады;
Осыдан кейін «Сақтау» батырмасын басыңыз және «Банк» бетбелгісіне өтіңіз.
Бетбелгідегі деректерді тексеріңіз және келесі қосымша параққа өтіңіз: Жеткізуші, Ұйымдастырушы.
Бұл қосымша парақшалар автоматты түрде толтырылады.
«Электрондық банктік кепілдік» бетбелгісіне өтіңіз. Бұл бөлімде «Құжаттарды дайындау» міндеттері автоматты түрде жасалған болатын.
Электрондық банктік кепілдік «Шимай нұсқа» статусында орналасқан кезде, оған «Сенімхат» сияқты ішкі құжаттарды қоса беруге болады.
Бұл үшін «Файлды жүктеу» немесе «Тізімнен таңдау» батырмасын басыңыз. Сосын «Сақтау» батырмасын басыңыз.
Міндеттердің атауын басыңыз. Жүйе «Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету құжаттамасын дайындау» бөліміне қайта бағыттайды.
Осы бөлімдегі ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз және«Құжатқа өту» батырмасын басыңыз.
Ашылған терезеде «Банктік кепілдіктің күні» жолағын толтырыңыз,«Сақтау» батырмасын басыңыз.
Осыдан кейін «Қалыптастыру» батырмасын басыңыз. Құжат сәтті қалыптастырылды. Сізге қалыптастырылған банктік кепілдіктің шаблоны ашылады.
Құжатты қарауға, жүктеуге, редакциялауға немесе бекітуге болады.
«Бекіту» батырмасын басыңыз.
Жүйе «Электрондық құжаттар» бөліміне қайта бағыттайды.
Электрондық банктік кепілдік жұмысына қайта оралу үшін «Банк кабинеті» мәзіріндегі «Банктік кепілдік» батырмасын басыңыз және бұрын жасалған банктік кепілдікті табыңыз. Құжаттың статусы «Бекітілді» статусына өзгереді, ал тапсырманың статусы «Орындалды» статусына өзгереді.
Жаңа міндеттерді немесе процеске жауапты банктің қызметкеріне қол қоюға жөнелтіп, құжат дайын болғаннан кейін, процеске жауапты банктің қызметкеріне жаңа міндетті келісуге немесе қол қоюға жібере отырып, оны келісуге немесе қол қоюға болады. болады. Сондай-ақ, пайдаланушы өзіне міндет бере алады. Бұл үшін «Жаңа міндет» батырмасын басыңыз.
Жаңа міндеттерді жасау терезесі ашылады. Міндеттердің атауын мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізіңіз, банк қызметкерлері тізімінен жауапты тұлғаның оның ЖСН немесе АТӘ атын енгізе отырып таңдаңыз, « Келісу» немесе «Қол қою» міндеттерінің түрін таңдаңыз, міндеттердің орындау мерзімін және артықшылығын көрсетіңіз. Сондай-ақ, Сіз ескерту қалдыра аласыз. Бұдан әрі «Сақтау» батырмасын басу қажет.
Тізімде жаңа міндет пайда болады. Электрондық банктік кепілдікті келісу және қол қою шеңберінде бірнеше міндеттерді қоюға болады. Барлық міндеттер қалыптастырылғаннан кейін «Орындаушығы жіберу» батырмасын басу қажет.
Осыдан кейін Орындаушыға жұмыс поштасына және Пайдаланушы кабинетіне электрондық банктік кепілдікті келісу немесе қол қою туралы хабарлама келеді. Орындаушы Хабарламадан сілтемеден өте отырып тура тапсырмаға келіп түседі. Немесе кепілдіктің барлық тізімін «Банк кабинеті» – «Банктік кепілдік» мәзіріне өтіп қарауға болады.
«Келісу» міндеттерінде Орындаушы электрондық банктік кепілдікті келісуі немесе одан бас тартуы мүмкін. Сондай-ақ, Орындаушы ескерту қалдыра алады. Орындаушы міндетке қол қоюға өте отырып қол қоюдан бас тартуға немесе электрондық банктік кепілдікке ЭБК электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қоя алады.
Сондай-ақ, Орындаушы ескерту қалдыра алады.
Назар аударыңыздар!
Сатып алу порталында электрондық банктік кепілдікке тек ғана бірінші басшы электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы қол қоюуы немесе қол қою құқығы ЭЦҚ бар адам қол қоюуы мүмкін.
Барлық міндеттер орындалғаннан кейін Құжаттың статусы «Қол қойылды» статусына өзгереді, ал банк қызметкерімен қол қойылған электрондық банктік кепілдік Жеткізушінің файлдарында пайда болады.















