meta data for this page
Жеткізушінің ЭБК жұмыс істеу кезіндегі функционалы
Банк қызметкері электрондық банктік кепілдікті (бұдан әрі ЭБК) қалыптастырғаннан және қол қойғаннан кейін, Жеткізушіге файлға сілтемем хабарлама келіп түседі.

Құжаттарды сілтемеге өте отырып қарауға болады.

Электрондық банктік кепілдік Жеткізушінің файлдар тізіміне автоматты түрде орналасады.
Құжатты қарау үшін Жеткізушіге «Файлдар» мәзіріне өтуі керек.
Құжатты қарауға және жүктеуге болады. Құжатты қарау үшін оның атауын басыңыз. Жүйе құжаттарды қарау режиміне қайта бағыттайды.
Бұдан әрі ЭБК-пен электрондық сатып алуға өтінім беру кезінде жұмыс істеуге болады. Бұл үшін өтінім беру кезінде ЭБК бойынша талаптардан «Тізімнен таңдау» батырмасын басыңыз. Электрондық кепілдікті таңдауға болатын, электрондық құжаттардың тізімдері ашылады. Сатып алуға қатысуға өтінім берудің функционалдығы туралы толық ақпарат «Жеткізуші» Пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған.


