meta data for this page
  •  

Қағаз тасымалдағышта сатып алуға арналған нұсқаулық

Назар аударыңыз! Сатып алулар бойынша порталдан тыс (қағаз тасымалдағышта) жүзеге асырылған карточка өткізілген сатып алулардың қорытындысы бойынша тапсырыс берушілермен жасалады және толтырылады.

Порталдан тыс (қағаз тасымалдағышта) жүзеге асырылған сатып алу бойынша карточканы жасау үшін сатып алу порталында тиісті тармақты таңдау қажет.

Егер жоспар тармағы «Шимай нұсқа» статусында болса оны бекіту керек.

Бұдан әрі сатып алу тәсілін қолдану негіздемесін таңдап, өтінімді жасаңыз және «Жіберуді» басыңыз.


Өтінім жасалды

«Сатып алулар» мәзірін пайдалана отырып – «Менің өтінімдерім» хабарландыру жобасын жасаймыз. соз


Сатып алу тәсілі «Тікелей шарт жасау – электрондық емес сатып алу» жолағында сатып алулар қорытындысы бойынша келесі нысан толтырылады.

Хабарландыруды жасаймыз.

Назар аударыңыз! «Өтінімді қабылдауды бастау күні және уақыты» және «Өтінімді ашу және қабылдауды аяқтау күні және уақыты» бөлімінде порталдан тыс (қағаз тасымалдағышта) өткізілген сатып алуға сәйкес күнін және уақытын көрсетеміз.

Қажет болған жағдайда құжаттарды – бұйрық, техникалық ерекше нұсқама, шарт жобасы, қорытынды хаттамалар және сатып алулар бойынша құжаттарды жүктейміз.

Жеткізушіні таңдаймыз (егер жеткізуші жүйеде тіркелген болса, тіркелген портал мүшелерінің тізімінен таңдауға немесе ол болмаған жағдайда тиісті нысанды толтыруға болады).


«Жариялау және аяқтау» батырмасын басамыз.

Хабарландыруды жариялағаннан кейін сатып алу «Аяқталды» статусына ауысады.


Сатып алудың циклін толық аяқтау үшін, шарттың карточкасын жасау қажет, бұл үшін «Шарттар» мәзірінде «Жасау» батырмасын басамыз.


Сатып алуды белгілеу, таңдалғанға қосу және «Таңдалған лоттарды қарау» батырмасын басу қажет.

«Шарт жасауды» басыңыз.

«Жалпы ақпараттар» бөлімін толтырыңыз.

«Тапсырыс беруші» бөлімі жүйемен автоматты түрде толтырылады.

«Жеткізуші» бөліміне өтеміз, мұнда соңғы ҚҚС төлеушісі болып табылатындығын ескеру қажет.

«Шарттың мәні» бөлімі жүйеде автоматты түрде жасалады, сатып алудың атауын басу арқылы шарттың мәні туралы ақпараттарды қарау мүмкіндігі бар. Шарттың мәнін қарағаннан кейін «Сақтауды» басамыз. Осыдан кейін «Іс-әрекеттерді таңдау» мәзірінен шартты бекіту қажет және аяқтау үшін «Орындау» батырмасын басыңыз.

«Менің шарттарым» бөлімінде «Бекітілді» статусымен шарт көрінеді.

Тендер және баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен порталдан тыс (қағаз тасымалдағышта) жүзеге асырылған сатып алулар бойынша ұқсас түрде жасалады.