meta data for this page
  •  

Шартты жасау және қалыптастыру

Қорытындылар туралы хаттама негізінде өткізілген сатып алулар қорытындылары бойынша жүйенің тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша сатып алу туралы шарт карточкасын жасауға мүмкіндігі бар.

Назар аударыңыз!!! Бір хабарлама шеңберінде бірнеше жеткізушілермен бірнеше шарттар жасауға болады. Бірнеше хабарламаның қорытындысы бойынша бір жеткізушімен бірыңғай шарт жасауға болмайды

            Шарт жасау үшін «Шарттар» мәзірін таңдау қажет және ашылған формадан  «Менің шарттарым» «Жасау» батырмасын басу қажет.

«Жасау»батырмасын басқан кезде лоттарды таңдауға арналған форма көрсетіледі.

Көрсетілген формада шарт жасау талап етілетін лоттарды таңдау қажет.  Бұдан әрі «Таңдап алынғанды қосу» батырмасын басу қажет және оң жағында «Таңдап алынған лоттарды қарау» батырмасын бассаңыз таңдап алынған өтінімдердің саны көрсетіледі.

Назар аударыңыз!!! Бірнеше лоттар  бойынша шарт  жасау ТЕК сол  хабарландырудағы  лоттар бойынша және сол жеңімпазбен мүмкін болады.

Ашылған нысанда шарт жасау үшін таңдалған лоттардың тізбесі көрінеді. Шарт түрін: Электронды шарт немесе Қағаз шарт, сондай-ақ, Шарт нысанын таңдау қажет.

Барлық лоттар үшін бір шарт «Барлық лоттар үшін бір шарт» немесе «Әрбір лотқа жеке шарт» әрбір лотқа жеке шарт жасау мүмкіндігі бар. Бұдан әрі «Жасау» батырмасын басыңыз.

Наузар аударыңыз!!! Егерде  сатып алу шарттың электрондық нұсқасын қолданбай жүзеге асырылатын болса шарттың карточкасын қалыптастыру қажет.


Шартты толтыру

  1. Электронды шарт

Назар аударыңыз!!! Шарттың электрондық нұсқасын қолданбай сатып алу кезінде шартты толтыру талап етілмейді (шарттың карточкасын қалыптастыру жеткілікті).

«Қарандаш» батырмасын басқан кезде, шарт бойынша ақпаратты толтыру қажет болатын, шарттың карточкасын қарау формасы көрсетіледі:

«Жалпы ақпарат» қосымша парағы:

  • Шарттың ішкі нөмері (жолақ міндетті емес, іздеу жұмыстарын жеңілдету үшін қажет);
  • Орындаудың жоспарланған күні (міндетті жолақ).

«Тапсырыс беруші» қосымша парағы:

  • «Тапсырыс беруші басшысы» жолағында тізімнен түсіп қалған пайдаланушыны таңдау қажет (басшылардың лаузымдары болмаған жағдайда «Ұйым профилі" - "Қызметкерлер» мәзірін толтыру қажет).
  • «Негізінде іс-әрекет жасйтын» жолақты мемлекеттік және орыс тілдерінде толтыру керек.

«Жеткізуші» қосымша парақшасы:

  • «Жеткізуші басшысы» жолағында тізімнен түсіп қалған пайдаланушыны таңдау қажет;
  • «Негізінде іс-әрекет жасйтын» жолақты мемлекеттік және орыс тілдерінде толтыру керек;
  • Егерде Жеткізуші ҚҚС төлеуші болып табылатын болса, «ҚҚС Төлеуші» белгісін қою керек.
  • Егер жеткізуші консорциум болып табылса, онда консорциум туралы деректерді жүйе автоматы түрде толтырады.

Бұдан әрі «Сақтау» батырмасын басу қажет.

«Шарттың мәні» қосымша парағы бойынша ақпаратты жүйеде автоматты түрде толтырады.

Шарттың мәніндегі «Атауын» басқан кезде, «Шарттың мәні туралы ақпарат» көрсетіледі, барлық деректер жоспар тармағынан автоматты түрде алынады.

Шартты қалыптастыру үшін, «Электрондық шарт» қосымша парағына өту керек, бұдан әрі деректерді толтыру үшін «Шарттың атауына»өту керек

Жолақты толтыру қажет толтырғаннан кейін «Қалыптастыру»батырмасын басу қажет.

Шарт дұрыс толтырылған жағдайда, «Бекіту» батырмасын басу қажет, шартты редакциялау үшін  «Редакциялау» батырмасын басу керек.

2. Қағаз шарт

Назар аударыңыз! «Қағаз шартты» таңдаған кезде шарт нысаны көрінбейді.

«Жалпы мәліметтер» қосымша парақшасында мыналарды толтыру қажет:

  • Шарттың ішкі нөмерін (жолақты толтыру міндетті емес, іздестіру жұмыстарын жеңілдету үшін қажет);
  • Жоспарланған орындау күні (жолақты толтыру міндетті);
  • Шарт жасалған күн.

«Тапсырыс беруші» қосымша парақшасын жүйе автоматты түрде толтырады.

«Жеткізуші» қосымша парақшасын жүйе автоматты түрде толтырады. Көрсетілген қосымша парақшада Жеткізушінің ҚҚС төлеушісі екендігін белгілеу қажет.    

«Шарттың мәні» бөлімі сатып алу атауын басқан кезде жүйеде автоматты түрде құралады, мұнда шарттың мәні туралы ақпаратты көруге болады. Шарттың мәнін қарағаннан кейін, «Сақтау» батырмасын басыңыз. Содан кейін, «Іс-әрекеттерді таңдау» мәзірінде шартты бекіту қажет және аяқтау үшін «Орындау» батырмасын басыңыз.

«Менің шарттарым» бөлімінде «Бекітілді» статусы бар шарт көрсетіледі.