meta data for this page
Чек-парақтар
Чек-парақтарын жасау үшін, камералық бақылау рөлі бар пайдаланушыға «Камералық бақылау/сатып алулар» бөліміне өтіп, сатып алу атауын басу қажет.
Беттің төменгі жағында «Чек-парақтар» блогі көрінетін болады.
«Чек-парақты жасау» батырмасын басыңыз, әрі қарай жүйе қажетті шаблонды таңдау мүмкіндігі бар терезені көрсетеді.
Шаблонды таңдағаннан кейін, «Шимай парақ» статусында құжаттың шаблоны көрінеді. Осы статуста, егер ол қате таңдалған болса, шаблонды жою мүмкіндігі бар.
Құжатты толтыру үшін шаблонның атауын басыңыз.
Қажетті жолақтарды толтырғаннан кейін, Сіз құжатты сақтай немесе құрастыра аласыз.
pdf-файл қалыптастырылғаннан кейін, Сізде құжатты редакциялау немесе оны бекіту мүмкіндігі сақталады.
Редакциялауды таңдау кезінде Сізге шаблон жолақтарын толтыру формасы қайта көрінеді.
Құжатты бекіткеннен кейін, құжаттың статусы «Бекітілді» статусына ауысады. Бұдан әрі Сізге «Жаңа тапсырмалар» батырмасын басып, жаңа тапсырмаларды құру қажет.
Сіз тапсырманы құруға арналған форманы көресіз, онда қажетті жолақтарды толтыру, сондай-ақ тапсырма түрін таңдау қажет. Бұдан әрі «Сақтау» батырмасын басыңыз.
Тапсырманың статусы «Шимай парақ» болған жағдайда, «Орындаушыларға жіберу» түймесін басу арқылы тапсырманы жоюға немесе оны орындаушыға жібере аласыз, бұл жағдайда тапсырманың статусы «Тағайындалды» статусына ауысады және орындаушыға жаңа тапсырма туралы хабарлама жіберіледі.
Тапсырманы Орындаушының тапсырманы орындау немесе орындаудан бас тарту мүмкіндігі бар. Бұл ретте, егер тапсырма «Келісу» түрімен жіберілген болса, онда Орындаушы бас тарту туралы белгіні көрсете алады.
«Қол қою» түрі бар тапсырманы орындағаннан кейін құжаттың статусы «Қол қойылған» статусына өзгереді және қол қою туралы ақпарат pdf файлында көрсетіледі.









