meta data for this page
  •  

Камералық бақылау (Сатып алулар)

«Сатып алулар» блогінде «Камералық бақылау» рөлі бар пайдаланушыға хабарламалардың тізімі  және осы тізімнің сүзбесі көрсетіледі. 

Сатып алуды тоқтата тұру қажет болған кезде, сатып алу атауы бойынша кіру қажет және осы сатып алу шағымымен танысуға болатын, парақшаның төменгі жағына түсу керек.

Сатып алуды тоқтату үшін «Камералық бақылау» рөлі бар пайдаланушыға  «Сатып алуды тоқтату» батырмасын басу қажет.

Осы батырманы басқан кезде, жүйе сатып алуды тоқтатудың себебін көрсету қажет терезені көрсетеді және  «Тоқтатуды орындау» батырмасын басу керек.  

«Тоқтатуды орындау» батырмасын басқаннан кейін, жүйе хабарламаны көрсетеді.

«Тоқтату туралы шешімге қол қою» батырмасын басып шешімге қол қою қажет және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Шешімге қол қойғаннан кейін «Тоқтату туралы шешімді жариялау » батырмасын басу қажет.

Сатып алуды тоқтату туралы шешім жарияланғаннан кейін, жүйе камералық бақылау шешімінің жалпыға қолжетімділігін көрсетеді.  Хабарлама статусы «Тоқтатылды» статусына өзгереді.

Тоқтатқаннан кейін сатып алуды қайта бастау  үшін «Камералық бақылау» рөлі бар  пайдаланушыға «Сатып алуды қайта бастау» батырмасы қолжетімді болады.

Осы батырманы басқан кезде, жүйе «Сатып алу сәтті қалпына келтірілді» хабарламасын көрсетеді.