meta data for this page
  •  

Қосымша келісімді жасау

Қосымша келісімді жасау үшін шарттың парақшасында «Қос.келісім» қосымша парақшасына өту керек және «Құру» батырмасын басыңыз.

«Қосымша келісімді жасау негіздерін» көрсету керек, қажет болған жағдайда «Өлшем бірлік»/«Саны» редакциялау, бұдан әрі «Жасау» батырмасын басу қажет.

Қосымша келісім карточкасында, түзету үшін қолжетімді, негізгі шарттан ақпараттар көрсетіледі.

Қосымша келісімді қалыптастыру үшін «Электрондық шарт» қосымша парақшасына өту, бұдан әрі деректерді толтыру үшін «Шартқа қосымша келісім» атауына өту қажет. 

«Электрондық форма» парақшасында жолақты  мемлекеттік тілде және орыс тілінде толтыру қажет, бұдан әрі толтырғаннан кейін «Қалыптастыру» батырмасын басу қажет.

Назар аударыңыз!!! Жолақтарды толтырған кезде нөмерді, тақырыпты және өзгертуге жататын мәтінді енгізуу қажет. 

Жүйе «Құжат сәтті қалыптастырылды» ақпараттық хабарламасын, сондай-ақ, қалыптастырылған құжатты көрсетеді.

Егер құжат дұрыс толтырылған жағдайда «Бекіту» батырмасын басу қажет, құжатты редакциялау үшін «Редакциялау» батырмасына басу қажет.

Міндеттерді тағайындау және орындау процесі шартқа ұқсас:

Шарттың қосымша келісімінің құжаттарын келісуге міндеттерді тағайындау;

Шарттың қосымша келісімінің құжаттарына қол қоюға міндеттерді тағайындау;

Шарттың қосымша келісімінің құжаттарын келісу;

Шарттың қосымша келісімінің құжаттарына қол қою;

Шарттың қосымша келісімінің құжаттарын келісу/қол қоюдан бас тарту.