meta data for this page
Мәліметтерді редакциялау
Ұйымның мәліметтерін редакциялау, толықтыру үшін Ұйым администроаторының ЭЦҚ Порталда авторизациялаудан өту қажет. Редакциялау тек ұйым администраторына ғана қолжетімді. Пайдаланушы «Ұйым профилі» батырмасын басу қажет.
ЭҚЖТ кодын толтыру үшін «Ұйымның профилі – Тіркеу деректері» мәзіріне өтіңіз. . «Деректерді редакциялау» батырмасын басыңыз.
Көрсетілген формада «ЭҚЖТ код» толықтырыңыз, «Сақтау» батырмасын басыңыз.
Байланыс деректері
«Ұйым профилі – Байланыс деректері» мәзіріне өтіңіз. «Қосу» батырмасын басыңыз, көрсетілген формада жолақтарды байланыс деректерімен толтырыңыз, «Құру» батырмасын басыңыз.
Жолақтар дұрыс толтырылған болса, экранда «Мекенжай туралы ақпарат сәтті аяқталды» деген хабарлама пайда болады. Көрсетілген мекенжай байланыс деректері тізімінде сақталады және кейіннен сатып алу процесінде пайдалануға болады. Байланыс мекенжайын редакциялау үшін суретте көрсетілгендей оң жақтағы қарындаш белгісін басыңыз. Тағыда бір мекенжайды қосу үшін «+Қосу» батырмасын басыңыз.
Пайдалануды жеңілдету үшін байланыс деректерінде Ұйым пайдаланатын Заңды, Нақты, Пошта және тауарларды, жұмыстар және қызметтерді жеткізу орнын қоса алғандағы барлық мекенжайларды көрсету ұсынылады.
Банктік шоттар
«Ұйым профилі – Банктік шоттар» мәзіріне өтіңіз. «Қосу» батырмасын басыңыз, көрсетілген формада жолақтарды байланыс деректерімен толтырыңыз, «Құру» батырмасын басыңыз.
Бұдан әрі жүйе сіздің шотыңызды «Банк шоты» терезесінде көрсетеді.
Жаңадан жасалған банк шотын әдепкі қалпы бойынша пайдалану үшін белгі қою қажет.
Назар аударыңыздар! Банк деректемелерін редакциялауды Ұйымның администраторы рөліндегі қызметкер жасай алуы мүмкін.






