meta data for this page
Ұйымды тіркеу
Жүйеге қайта кірген кезде: «Сатып алуға қатыса алу үшін ұйымды қосу керек» деген хабарлама шығады.
«Ұйымды қосу» батырмасын басқан кезде, жүйе тіркеу деректерін толтыру үшін форманы көрсетеді:
БИН және ұйымның атауы ЭЦҚ алынған тілде автоматты түрде оқылады (Бұл деректер өзгеріссіз қалады, егер оларды қатеге байланысты өзгерту қажет болса ҚР ҰКО хабарласыңыз) Бұдан әрі, егерде бар болса «Басты ұйым» батырмасын басыңыз.
- Тіркеу/қайта тіркеу күні*;
- Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нөмері/ Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама нөмері*;
- Ұйымдық-құқықтық форма;
- Ұйым формасы;
- Меншік формасы*;
- Кәсіпорынның жүйелілігі*;
- Экономика секторының коды*;
- ЭҚЖТ коды (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші)*.
Қалған деректерді өзіңіз толтыруыңыз қажет
- Заңды мекенжай* (барлық тармақтарды толық таңдау қажет – облыс, қала, елді мекен; индексті толтыру)
- Телефон*;
- Факс;
- Сайт;
- Жалпыға ортақ
- банк деректемелері*
Мәліметтерді толтырғаннан кейін, форманың төменгі жағындағы «Тіркеуді аяқтау» батырмасын басыңыз
Қате болмаған жағдайда экранда «Ұйым сәтті тіркелді» хабарламасы көрсетіледі.






