meta data for this page
  •  

Пайдаланушыны тіркеу

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдарының сатып алулары» порталында электрондық сатып алуларға қатысу үшін заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің  ЭЦҚ болуы қажет.

Назар аударыңыз! Порталда дұрыс жұмыс жасау үшін NCALayer соңғы нұсқасын орнату және іске қосу қажет.

«КІРУ » батырмасын басыңыз, бұдан әрі жергілікті компьютерде ҚР ҰКО сертификатының негізін  «КОМПЬЮТЕР» батырмасын немесе KAZTOKEN негізгі ақпараттың сыртқы тасымалдаушысын басу арқылы таңдаңыз.

6849014.jpg

«Сақтау орны құпия сөзі» терезесінде ҚР ҰКО сертификатының құпия сөзін көрсетіңіз. Егер Сіз сақтау орны құпия сөзін ұмытып қалсаңыз ҚР ҰКО жүгінуіңіз қажет.

6849013.jpg

Жүйеге алғаш кірген кезде таңдалған сертификаттан ЖСН-і бар «Пайдаланушыны тіркеу» формасы көрсетіледі. Көрсетілген ЖСН дұрыс екендігіне көз жеткізіңіз және «Деректерді алу» батырмасын басыңыз.

6849016.jpg

Жүйе сертификаттағы деректерді оқиды және тіркеу деректерін тексеруді және растауды ұсынады. Порталда сіздің есеп жазбаңыз үшін  телефон номерін, құпия сөзді көрсетіңіз және  «Деректерді растау» батырмасын басыңыз.

6849017.jpg

Сәтті тіркелген кезде жүйе тиісті хабарламаны көрсетеді. Жүйеде жұмысты жалғастыру үшін «Жүйеге кіру» сілтемесі бойынша өтіңіз.

6849015.jpg

Пайда болған авторизациялау терезесіне есептік жазбаны тіркеу кезінде көрсетілген құпия сөзді енгізіңіз.

6849029.jpg