meta data for this page
  •  

Сатып алу жоспарын шаблоннан импорттау

Жүйедегі жылдық жоспарды, дайын жылдық жоспар шаблонынан оны порталға импорттау арқылы жасауға болады. Толтыру үшін шаблондарды келесі сілтемеден жүктеуге болады.

Шаблон жолақтарының форматтарын  өзгертпеуге кеңес береміз!

Файлды Excel толтырғаннан кейін оны Юникод(*.txt) мәтіні ретінде сақтау қажет. Бұдан әрі келесі әрекетті орындаңыз:

«Жылдық жоспар» мәзіріне кіріңіз, «Құру» батырмасындағы тізім белгішесін басыңыз және  «Шаблоннан импорттау»-ды таңдаңыз.

  • Әрі қарай жүйе файлдарды Порталға жүктеуге арналған терезені көрсетеді.
  • Ашылған мәзірден «Жүктеу» батырмасын таңдаңыз;
  • Жергілікті компьютерде жүктелген құжатты таңдаңыз;
  • Құжаттың толық жүктелуін күтіңіз және терезені жабыңыз.

Жүйеге құжатты өңдеу және жоспарға тармақтар қосу үшін біраз уақыт қажет, ереже бойынша процесс бір минуттан аспайды. Жүйе сізге жүктеудің аяқталғаны туралы және оның нәтижелері туралы хабарлайды. Хабарландыруларды «Хабарламалар» бөлімінен табуға болады. 

 Хабарлама түрлері:

  • Файлды өңдеу аяқталды – файл жүйеге сәтті жеткізілді және жылдық жоспарға жоспардың тармақтарын қосу процесі басталды деген хабарлама.
  • Файлдарды өңдеу қатемен аяқталды – файл жүйеге жеткізілмегені туралы жүйелік хабарлама. Жылдық жоспарға жоспар тармақтарын қосу мүмкін емес. Бұл хабарлама ЭЦҚ сертификаты дұрыс көрсетілмеген жағдайда немесе жүйеде техникалық қателіктерге байланысты болуы мүмкін. Жоғарыдағы әрекеттерді қайтадан орындаңыз және ЭЦҚ сертификатын мұқият таңдаңыз;
  • Жылдық жоспарды өңдеу туралы есеп – импортталған шаблоннан жоспар тармақтарын жылдық жоспарға қосу нәтижелері туралы жүйелік хабарлама. Нәтижелер кесте түрінде «Өңделген» статусы бар импортталған шаблонның әрбір жолағы бойынша ұсынылған. Жүктелген жылдық жоспарды шаблондағы жоспар тармақтарымен салыстырып тексеріңіз.

Сәтті импортталғаннан кейін «Шимай нұсқа» статусында жылдық жоспарда тармақтар пайда болады.