meta data for this page
  •  

Жоспар тармағын құру

Жоспар тармағын құру «Жылдық жоспар – Құру» мәзіріне өту қажет

6849087.jpg

«Құру « функциясын таңдаған кезде, келесі жолақтарды толтыратын жоспар тармақтарын құру терезесі пайда болады  

6849088.jpg

  • БИН – Қатысушы сертификатының деректері негізінде, жүйемен автоматты түрде толтырылады;
  • Тапсырыс берушінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы– Қатысушы сертификатының деректері негізінде жүйемен автоматты түрде толтырылады;
  • Қаржы жылы – жолақта сіз сатып алуды жоспарлайтын жылды таңдауыңыз керек;
  • Сатып алуды өткізу мерзімі – жолақта сатып алу жоспарланған тоқсанды таңдаңыз;
  • Сатып алу тәсілі – жолақта сатып алу тәсілін таңдаңыз;
  • Жоспар тармағының түрі – ашылмаған тізімнен келесі мәндердің бірін таңдаңыз:

- қаржы жылынан аспайтын, сатып алулар – рәсімдері және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулері бір қаржы жылының ішінде жүзеге асырылатын сатып алулар;

- қаржы жылынан асатын, сатып алулар - рәсімдері мен міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етулері бірнеше қаржылық жыл ішінде жүзеге асырылатын сатып алулар.

  • Тауарлар, жұмыстар, қызметтердің атауы – бұл жолақ, тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді іздеу және таңдау үшін қолданылады. Жолаққа жоспар тармақтарын сипаттайтын сөздің бөлігін немесе тұтастай енгізіңіз (іздеу ТЖҚБНА анықтамасынан тармақтар атауы бойынша да, сипаттамасы бойынша да жүзеге асырылады) содан кейін ашылмалы тізімнен қажетті орынды таңдаңыз;
  • Тауарлар/жұмыстар/қызметтер коды (ТЖҚБНА сәйкес) - «Атауы» жолағында таңдалған орын негізінде жүйемен автоматты түрде толтырылады;
  • Сатып алу нысанының түрі - «Атауы» жолағындағы таңдалған орын негізінде жүйемен автоматты түрде толтырылады;
  • Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тілдегі атауы (ТЖҚБНА сәйкес) -  »Атауы» жолағында таңдалған орын негізінде жүйемен автоматты түрде толтырылады;
  • Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің орыс тілдегі атауы (ТЖҚБНА сәйкес) -  «Атауы» жолағында таңдалған орын негізінде жүйемен автоматты түрде толтырылады;
  • Мемлекеттік тілдегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамалары (сипаттамасы) (ТЖҚБНА сәйкес) -  «Атауы» жолағында таңдалған орын негізінде жүйемен автоматты түрде толтырылады;
  • Орыс тіліндегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамалары (сипаттамасы) (ТЖҚБНА сәйкес) - «Атауы» жолағында таңдалған орын негізінде жүйемен автоматты түрде толтырылады;
  • Тауарлардың, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамалары (сипаттамасы) (мемлекеттік тілде) - осы жолақта сатып алынатын тауарлардың / жұмыстардың / көрсетілетін қызметтердің мамандандырылған /толық сипаттамаларын мемлекеттік тілде көрсету қажет;
  • Тауарлардың, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамалары (сипаттамасы) (орыс тілде) - осы жолақта сатып алынатын тауарлардың / жұмыстардың / көрсетілетін қызметтердің мамандандырылған /толық сипаттамаларын орыс тілде көрсету қажет;
  • Өлшем бірлік (ТЖҚБНА сәйкес) - жүйемен автоматты түрде толтырылады, «Атауы» жолағында таңдалған орын негізінде жүйемен автоматты түрде толтырылады, әр түрлі ТЖҚБНА кодтары әртүрлі өлшем бірліктеріне сәйкес келуі мүмкін екенін ескеру қажет;
  • Саны, көлемі – бұл жолақта тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі енгізіледі;
  • Бірлік бағасы, теңгемен - тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің, бірлік жоспарланған сатып алу бағасын енгізіңіз;
  • Сатып алу үшін бекітілген Жалпы сома, теңгемен – жүйеде автоматты түрде Пайдаланушы түзетуге жатпайтын мөлшер*бағасы формуласы бойынша есептеледі;
  • Жеткізу орны – тауардың жеткізу орнын (дарын) таңдаңыз.

Жоспар тармағын  құруға арналған жолақтарды  толтырғаннан кейін «Сақтау» функциясын таңдаңыз, қажет болған жағдайда «Сақтау және жаңасын құру» мүмкіндігін таңдауға болады, бұл жағдайда келесі жоспар тармағын құру үшін терезе ашылады.

6849089.jpg

Жылдық жоспар мәзірінде жоспар тармағы сәтті құрылғаннан кейін, оны (жоспар тармағын) «Шимай нұсқа« статусымен көруге болады. 

6849090.jpg