meta data for this page
  •  

Биллингтік есеп айырысулар

Сатып алуларға қатысу үшін Жеткізушіге тарифті таңдау керек.

Бұл үшін «Жеткізуші» - «Ұйымдар тарифтері» мәзіріне өту қажет.

6849146.jpg

Ашылған «Рөлдер және тарифтік жоспар» бетінде «Тарифті өзгерту/ балансты тексеру» батырмасын басу керек.

6849147.jpg

Бұдан әрі тарифті таңдау қажет, беттің төменгі жақ бөлігіндегі Оферта-Шартының талаптарымен келісу туралы жолақта  «белгі» қою қажет.  

Экранның төменгі жағында «Рәсімдеуге өту» батырмасын басу керек.

6849148.jpg

Тарифті таңдағаннан кейін «Тапсырыстар кәрзеңкесі» көрінеді.

Таңдалған тариф және сома жөнінде ақпарат көрінеді. «Тапсырысты әзірлеуге өту» батырмасын басыңыз.

6849149.jpg

Ашылған нысанда жолақты тексеріңіз және «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

6849171.jpg

Бұдан әрі экранның төменгі жағынан «Тапсырысты құрастыру» батырмасын басу қажет.

6849150.jpg

Төлем шоты «Құжаттар» бөлімі бетінде пайда болады. Сіз оң жақтағы батырманы басып оны қарай аласыз.

6849151.jpg

Төлем шотын көруге, жүктеуге және басып шығаруға болады.

6849152.jpg

Енді шотты Порталдан тыс  онлайн – банкинг арқылы төлеуге болады.

Төлем жүргізілгеннен кейін порталдағы «Жеткізуші» - «Ұйымның тарифтері» мәзіріне өту қажет.  

6849153.jpg

Ашылған «Рөлдер және тарифтік жоспар» бетінде «Тарифті өзгерту/ балансты тексеру» батырмасын басу керек.

6849154.jpg

Жоғарғы жолақта компанияның балансын сұрау үшін ақпараттық хабарлама пайда болады.

Маңызды балансты сұрау үшін «Сілтемесін» басыңыз.

6849155.jpg

Ағымдағы балансты сұрау бірнеше секундттарды алады. Күте тұраңыз.

6849156.jpg

Сұраныс орындалғаннан кейін жаңартылған баланс көрінеді.  

6849157.jpg

Осыдан кейін «Ұйым профилі» - «Тапсырыстар» мәзіріне кіріңіз.

6849158.jpg

Бұрын құрастырылған тарифті табыңыз, тарифті рәсімдеуге түсу үшін оны басыңыз.

6849170.jpg

Экранның төменгі бөлігіндегі «Қосу» батырмасын басыңыз.  

6849151.jpg


Қызмет көрсету туралы жүйелік хабарлама пайда болады. «ОК» батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз! Тариф автоматты түрде қосылады. Экранның жоғарғы жағында құрастырылған акт туралы хабарлама пайда болады.

6849159.jpg

«Құжаттар» бөлімінде «Электрондық акт» құжаты пайда болады.

6849160.jpg

6849162.jpg

Осыдан кейін «Қол қою» батырмасын басу және өзінің ЭЦҚ-мен Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) Актісіне қол қою қажет. (Нақтырақ «ЭЦҚ-мен жұмыс»-тан қараңыз).

6849160.jpg

6849162.jpg

«Құжатқа сәтті қол қойылды» хабарламасы пайда болады.

6849163.jpg

Құжатты көруге, жүктеуге және басып шығаруға болады.

6849164.jpg

Тарифтердың өзгеру тарихын, сондай-ақ белсенді тарифтерді «Жеткізуші» - «Ұйымның тарифтері» мәзіріне өтіп көруге болады.

6849165.jpg

Актіге уақытында қол қоймаған жағдайда, экранның жоғарғы жағына актіге қол қою керектігі туралы хабарлама пайда болады.

Актіге кез келген уақытта сілтемені  басу арқылы қол қоюға болады.

6849168.jpg