meta data for this page
Cатып алуды қорытындылау
Өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін «Тендер», «Критерийлері бар тендер», «Сауда-саттықты төмендетуді қолдану арқылы тендер» тәсілдерімен сатып алуларда ашу хаттамасы құрастырылады.
Өтінім беруші әлеуетті жеткізуші жеке кабинетіне және электрондық поштасына хабарлама алады.
Бұдан әрі комиссия әлеуетті жеткізушілердің берген өтінімдерін қарастырады және алдын ала рұқсат беру хаттамасын/рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады, сосын қорытынды хаттама құрастырылады. Жеткізушілер жеке кабинетінде және электрондық поштасында хабарлама алады.
Назар аударыңыз! «Сауда-саттықты төмендетуді қолдана отырып тендер» тісілімен сатып алуда рұқсат беру хаттамасынан кейін жіберілгендер аукцион залына шақырылады, аукционнның барлық шарттары хабарламада көрсетіледі. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін жүйе автоматты түрде жиынтық хаттаманы қалыптастырады. Жеткізушілер өздерінің жеке кабинеттерінде және электрондық пошта арқылы хабарлама алады
«Баға ұсыныстарын сұрау» және «Тікелей шартты жасау» тәсілдері бойынша сатып алулар кезінде өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін комиссия әлеуетті жеткізушілердің ұсынылған өтінімдерін қарайды және қорытындылар хаттамасын қалыптастырады.
 
    