meta data for this page
  •  

Жеткізушінің шағымы

Сатып алу порталында әлеуетті жеткізушілерге шағымдарды жіберуге мүмкіндік беретін құрал бар.

Осы қосымша парақшаға кірген кезде жеткізушіге қалыптастырылған шағымдардың тізілімі және осы тізілімнің сүзгісі көрінетін болады.

Шағым беру үшін «Жасау» батырмасын басу қажет.

Таңдалған шағымның түріне байланысты, жүйе нысанды толтыру үшін қосымша жолақ қосатын болады.

Барлық жолақтарды толтырғаннан кейін, «Жасау» батырмасын басу қажет.

«Жасау» батырмасын басқаннан кейін жүйе «Шағымға қосымша» хабарламасын көрсетеді.

Осы арқылы жеткізуші өзінің шағымының құжатталған-дәлелдемелерін қоса алады.

Нысан толтырылғаннан кейін, жеткізушіге өзінің шағымын сақтауына немесе жариялауына болады.

«Жариялау» батырмасын басқан кезде, шағымға  ЭЦҚ кілтпен қол қою керек.

Қол қойғаннан кейін, жүйе «Шағым сәтті жөнелтілді» хабарламасын көрсетеді.

Егерде камералық бақылау жеткізушінің шағымына жауап берсе, жүйе «Шағымға жауап» хабарламасын көрсетеді.

Осы хабарламаға кірген кезде, Жеткізушіге танысу үшін «Камералық бақылаудың өкілі сіздің өтініміңізге жауап берді, бұл үшін Жеткізуші- Шағымдар мәзіріне өтіңіз» деген ақпарат көрсетіледі.

«Жеткізуші» - «Шағымдар» мәзіріне өтіңіз.

«Аяқталды» статусы бар шағымды табыңыз..

Жауаппен және камералық бақылаудан оған қоса берілген құжатпен танысыңыз.