meta data for this page
Cатып алуға қатысу
Әлеуетті жеткізуші порталда сатып алуға қатысар алдында тапсырыс берушінің сатып алу қағидаларымен және тендерлік құжаттамалармен танысуы қажет.
Тапсырыс берушінің сатып алу қағидаларында сатып алуға қатысуға рұқсат беру шарттары қарастырылған, егерде:
· әлеуетті өнім беруші және оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) (егер бар болса) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген және тапсырыс берушімен және (немесе) оның үлестес заңды тұлғаларымен бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін адал орындаған болса;
- әлеуетті өнім берушінің құрылтайшылары, акционерлері, жақын туыстары, жұбайы немесе әлеуетті жеткізушінің басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілі жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдауға құқылы емес немесе өткізілген сатып алуда тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) қызметкерлері болып табылмаса;
- әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге (сатып алу ұйымдастырушысына)өткізілетін сатып алуды дайындау бойынша сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетпесе, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатыспаған болса;
- сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы;
- мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiндегі заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынасы болмаса;
- мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылмаса;
- мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы болып табылмаса және (немесе) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiндегі заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынасы болмаса;
- әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушы) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің тізіліміне сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болмағанда;
- әлеуетті жеткізуші және әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы бір тендерге (лотқа) қатыспаса;
- әлеуетті жеткізушінің банкроттыққа немесе тарату рәсімдеріне қатысы жоқ болса.
