Ұйымдастырушыны қосу

Сатып алу Порталында «Тапсырыс беруші» ретінде тіркелу кезінде сатып алуды жүзеге асыру үшін сатып алу туралы өтінімдерді жіберу және сатып алу процедурасын жүргізу үшін «Ұйымдастырушыны» қосу қажет.


Тапсырыс беруші – Ұйымдастырушыны қосу  

Порталда бірнеше Ұйымдастырушыларды, сондай-ақ сіздің сатып алудың Ұйымдастырушысы ретінде өзіңіздің ұйымды таңдауға болады

«Ұйымдастырушыны» қосу үшін  «Ұйым профилі – Менің ұйымдастырушыларым» мәзіріне өтіңіз.

Бұдан әрі «Қосу» батырмасын басыңыз. «Ұйымдастырушыны таңдау» парақшасында «БСН» жолағына ұйымның БСН енгізіңіз.

Енгізілген БСН бойынша ұйымның іздеу нәтижелерін қарап шығыңыз және табылған ұйымды сатып алудың ұйымдастырушысы ретінде қосу үшін «Шақыруды жіберу» батырмасын басыңыз.

Егер Ұйымдастырушы ретінде сіздің ұйымыңыз көрсетілсе, жіберілген шақырудың мәртебесі автоматты түрде «Бекітілген» болып өзгереді.

Егер Ұйымдастырушы ретінде үшінші тарап ұйымы көрсетілсе, жіберілген шақыру автоматты түрде осы ұйымның пайдаланушыларына растау үшін жіберіледі, ал шақыру уақытша «Күту» статусына ауысады.

Ұйымдастырушы – Тапсырыс берушілермен жұмыс

Ұйымның администраторына порталда  Хабарламалар бөлімінде сатып алуды ұйымдастыруға өтінім алуға сұраныс түседі  

Немесе «Ұйым профилі – Менің тапсырыс берушілерім» мәзірі арқылы қарауға болады

Тапсырыс берушілер тізімімен танысыңыздар. Тапсырыс берушілер жіберген шақыртулар «Күту» статусымен көрсетіледі. Тапсырыс берушінің статусын өзгерту үшін «Статусты өзгерту» батырмасын басыңыз.

Таңдалған тапсырыс беруші үшін «Бекітілді/Бас тартылды«  жаңа статусын таңдаңыз, қажет болған жағдайда «Пікір қалдыру» жолағында тапсырыс беруші үшін Пікіріңізді көрсетіп  »Жіберу» батырмасын басыңыз.

Бұл ретте тапсырыс берушінің статусы өзгереді.

Ұйымдастырушыларға «Сатып алуға арналған өтінімдер» тек ғана бекітілген Тапсырыс берушілердікі қолжетімді.