meta data for this page
Ұлттық Банктің сатып алуларына мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы қатысуға болады ма.
Ұлттық Банкі және оның ұйымдарының сатып алулары электрондық сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын «сатып алу порталы» дербес ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.
Сатып алу порталы келесі мекенжай бойынша орналасқан: https://zakup.nationalbank.kz.
Сатып алу порталында жұмыс істеу және/немесе электрондық сатып алуға қатысу үшін әрбір қатысушы (пайдаланушы) cатып алу порталында тіркеу рәсімінен өтеді.
Сатып алу порталында жұмыс істеу бойынша толық ақпарат сатып алу порталының басты бетіндегі «Заңдылық аспектілер» бөлімінде орналасқан.