meta data for this page
  •  

Сатып алу порталында құпия сөз қалай қалпына келтіріледі

Құпия сөздің мерзімі аяқталған немесе пайдаланушы құпия сөзді ұмытып қалған жағдайда, сатып алу порталына кіру кезінде «Құпия сөзді қалпына келтіру» немесе «Құпия сөзді ұмытып қалу» тармағын таңдау қажет:

Тиісінше әрекетті таңдағаннан кейін жүйе келесі хабарламаны көрсетеді:

Электрондық пошта мекенжайына автоматты түрде сілтемесі бар хабарлама жіберіледі. Сілтеме бойынша өту керек немесе оны порталмен жұмыс істейтін браузерда ашу қажет.

Осы көрсетілген әрекеттерден кейін электрондық поштасына соның көмегі арқылы порталға кіруі қажет уақытша құпия сөз бар хат келіп түседі.

Құпия сөзді қалпына келтіру бойынша хат пайдаланушының тіркеу деректерінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына келіп түседі.

Құпия сөзді қалпына келтіру жаңартылған инструкциясын осы сілтеме бойынша таныса аласыз

Электрондық пошта мекнжайына автоматты түрде сілтемесі бар хабарлама жіберіледі. Сілтеме бойынша өту керек немесе оны сатып алу порталымен жұмыс істейтін браузерда ашу қажет. Осы көрсетілген әрекеттерден кейін электрондық поштасына соның көмегі арқылы сатып алу порталына кіруі қажет уақытша құпия сөз бар хат келіп түседі. Құпия сөзді қалпына келтіру бойынша хат пайдаланушының тіркеу деректерінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына келіп түседі. Құпия сөзді қалпына келтіру жаңартылған инструкциясын осы сілтеме бойынша аша аласыз.

Егер, құпия сөзді өзгерту туралы нұсқаулық пайдаланушының электронды поштасына 30 секундтан кейін хат келмеген жағдайда, жүйе модалды терезені қайта жаңартады және «Құпия сөзді ҰХБ арқылы қалпына келтіру» түймесін көрсетеді.

Түймеге басқан жағдайда жүйе «Құпия сөзді ҰХБ арқылы қалпына келтіру» модалды терезені көрсетеді.

Егер пайдаланушы ҰХБ арқылы құпия сөзді қалпына келтіру мүмкіндігін екі мәрте пайдаланған болса, онда жүйе пайдаланушыға «ҰХБ кодын пайдаланып құпия сөзді қалпына келтіру әрекеттеріңіз таусылды. Техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз немесе электрондық пошта арқылы құпия сөзіңізді қалпына келтіріп көріңіз» деген ескертуді көрсетеді (үлгі сатып алу порталында көрсетілген).