meta data for this page
  •  

Жеткізуші ұйымның басшысын ауыстыру кезінде жаңа басшысына «Ұйым администраторы» рөлі болмай тұр, жеткізушінің бұл жағдайда қандай әрекеттері бар.

«Ұйым администраторы» рөлі болмаған жағдайда, жеткізуші көрсетілген рөлді тағайындауы үшін Сатып алулар порталы Операторының бірінші басшысының атына ресми түрде хат жолдауы тиіс.

Хат кез келген нысанда дайындалған және онда:

          -  ұйымның атауы және БСН;    

          -  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және пайдаланушының ЖСН.

Бұл деректерді порталда «Заңдылық аспектілер» бөлімінде ілінген хат үлгісіне (Ұйым администраторы рөлін өзгертуге хат) енгізіп, қолтаңба, мөр қойып сканерленген хатты жіберсеңіз болады