meta data for this page
  •  

«Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен» сатып алуға қатысу

Баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен сатып алуға қатысу үшін «Хабарландыру» бөліміне өту және «Жарияланды» статусындағы хабарландыруды таңдау қажет.

6849173.jpg

Хабарландыру парақшасына өтіп, қоса берілген құжаттамамен танысыңыз.

 Қоса берілген құжатты ашуға немесе сақтауға болады. «Хабарландырудығы лотар» тізімінен қажетті лотты таңдаңыз.

6849174.jpg

Лотқа өтіп техникалық ерекше нұсқамамен (егер бар болса) танысыңыз және «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.

6849175.jpg

«Өтінімді дайындау» терезесі ашылады. Қатысу тәсілін таңдау қажет: жеке немесе консорциум құрамында.

Консорциум құрамында қатысуды таңдау кезінде келесі жолды толтыру қажет:

  • Консорциумның орыс тіліндегі атауы
  • Консорциумның мемлекеттік тілдегі атауы

Әрі қарай «Жасау» түймесін басуыңыз керек. Өтініш беру формасы ашылады. 

Консорциум үшін «Консорциум қатысушысын қосу» батырмасын басып консорциум қатысушыларын қосу керек.

Ашылған терезеге қатысушының БСН/ЖСН және орыс және мемлекеттік тілдердегі атауларын енгізіңіз.  

Назар аударыңыз! Консорциум құрамында кемінде екі қатысушы болу қажет.

Өтінімді беру формасы құжаттарды қыстыруға арналған бағаннан тұрады.

6849176.jpg

Құжаттарды бағанға екі тәсілмен қосуға болады:

  1. Жергілікті компьютерден «Жаңа файлды жүктеу» батырмасын басып файлды жүктеу.
  2. Бұрын жүктелген құжатты тізімнен таңдау.

Бұдан әрі баға ұсыныстарын беруге арналған жолақта «Бірлік бағасын» көрсетіңіз.

6849177.jpg

Назар аударыңыз!!! Тиыны бар бағаны көрсеткен кезде, нүктені қолдану керек.

«Жариялау» батырмасын басар алдында сатып алу талаптарымен келісу туралы «белгіні» қою керек.

Толтырылған өтінімді жариялауға немесе оны кейіннен жариялау үшін шимай нұсқада сақтауға болады.

6849178.jpg

Өтінімге ЭЦҚ-мен қол қойғаннан кейін, жүйе «Құжатқа сәтті қол қойылды» хабарламасын көрсетеді.

6849179.jpg

Сондай-ақ, баға ұсынысының статусы көрсетілетін болады.

6849180.jpg

Берілген, өңделген – барлық өтінімдер, шимай нұсқалар – «Жеткізуші» - «Өтінімдер және ұсыныстар» мәзірінде орналасады.