meta data for this page
  •  

«Төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып тендер» тәсілімен сатып алуға қатысу

«Төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып тендер» тәсілімен сатып алуға қатысу үшін «Хабарландыру» бөліміне өту қажет және  «Жарияланды» статусы бар қажетті хабарландыруды таңдаңыз.

Кейінгі іс-шаралар баға ұсыныстарын ұсынуды қоспағанда «Баға ұсыныстарын сұрау» тәсілі бойынша сатып алуға қатысу» бөлімінде сипатталған әрекеттерге ұқсас.

Бұл жағдайда әлеуетті жеткізушілерге рұқсат берілгеннен кейін, аукцион залындағы бастапқы баға жоспарланған сатып алу сомасына автоматты түрде тең болады.

«Қосымша өтінімдер» бөлімінде сипатталған орындалған әрекеттерден кейін, жіберілген жеткізушілер аукционға қатысуға шақырту алады.

Шақырту аукцион туралы толық ақпараттан: сауда-саттықтың басталу және аяқталу уақытыннан, бастапқы бағадан, аукцион қадамынан тұрады.

Сауда-саттыққа қатысу үшін шақыру қағазында көрсетілген сілтеме арқылы аукцион залына  белгіленген уақытта өту керек немесе «Жеткізуші» - «Өтінімдер мен ұсыныстар» мәзірі арқылы қажетті өтінімге өтіп және «Аукцион залына өту» батырмасын басу қажет

Аукцион залында сауда-саттық аяқталғанға дейінгі уақыттың саны, аукцион қадамы, соңғы баға ұсынысы, сол уақыттағы ең төменгі баға ұсынысы және аукцион туралы жалпы ақпарат көрсетіледі.

Аукцион залында бағаны ұсыну үшін «Жариялау» батырмасын басып, ЭЦҚ-мен қол қою қажет.  

Аукцион залындағы әрбір баға ұсынысына ЭЦҚ-мен қол қойылады және әрбір қабылданған өтінім үшін жеке кабинетке жіберу туралы хабарлама алынады.

Хабарлама бағасы, күні және баға ұсынысын беру уақытынан тұрады.

Аукцион залында аукцион аяқталғаннан кейін аукционға қатысушылардың барлық баға ұсыныстары жеткізушіге қолжетімді.