meta data for this page
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электронды сатып алу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушіні сатып алу туралы хабарландыруда және техникалық ерекше нұсқамада көрсетілмеген құжаттарды ұсынғаны үшін қабылдамаған.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алу туралы хабарландыруда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018ж.27.08. № 192 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының 139-тармағында көзделген мәліметтерді, соның ішінде қажет болғанда басқа ақпаратты да қамтиды.
Әрбір әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға келісім мен тапсырыс берушінің хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып бір ғана баға ұсынысын береді.
Әлеуетті жеткізушінің сатып алу туралы хабарландыруда және/немесе техникалық ерекше нұсқамада көзделмеген/талап етілмейтін мәліметтерді (құжаттарды) баға ұсынысы аясында ұсынуы, оның сатып алуға қатысу өтінімін қабылдамауға негіз болмайды.