meta data for this page
Тапсырыс беруші қайта сатып алуды бастапқы сатып алу өткізілген тәсілімен өткізу керек па.
Егер тендер және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алулар өтпеген деп танылса немесе жеткізуші сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарса, тапсырыс беруші аталған тәсілмен, оның ішінде сатып алу талаптарын өзгерте отырып, сатып алуды қайтадан өткізеді не шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алуды өткізеді.
Егер шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған немесе жеткізуші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, онда тапсырыс беруші тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілі немесе шартты тікелей жасасу тәсілімен қайтадан сатып алуды жүзеге асырады.