meta data for this page
Тапсырыс берушінің сатып алу порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алу туралы хабарландыру техникалық ерекше нұсқамасын қамтымайды.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алу туралы хабарландыруда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларында көзделген міндетті мәліметтер болуы тиіс.
Техникалық ерекше нұсқамасы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алу туралы хабарландыру бар болған жағдайда қамтылады.
Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерге талап етілетін функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары бойынша талаптар қойылмаған жағдайда, тапсырыс беруші сатып алу порталында хабарландыруды техникалық ерекше нұсқамасыз орналастыра алады.