meta data for this page
  •  

Ұлттық валюта бағамының өзгеруіне байланысты сатып алу шартының сомасын ұлғайту мүмкін бе?

Сатып алу туралы шартқа:

1) сатып алу туралы шарт сомасының сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлеміне қажеттіліктің ұлғаюына байланысты емес ұлғаюы;

2) әлеуетті жеткізушінің осындай техникалық ерекше нұсқамасының тапсырыс беруші үшін қолайлы болатын әлеуетті жеткізушіге ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетелген қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын анағұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипатарымен, сондай-ақ тиімді технологиялық шешімдерімен және (немесе) жұмысты орындау кезінде өте жақсы материалдарды қолдана отырып ұсынуы жағдайын қоспағанда, жүргізілген сатып алудың талаптары мазмұнының және тендер тәсілімен немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жеткізушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстың өзгеруі;

3) табиғи моно полиялар салаларында және реттеу нарықтарында басшылықты жүзеге асыратын орган белгілеген баға шегінде бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген жағдайды қоспағанда, бір тауар, көрсетілетін қызмет бағасының өзгеруі бөлігінде өзгерістер енгізуге жол берілмейді.