meta data for this page
Тапсырыс беруші шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алу бойынша жеткізушіге жазбаша шақыруда лицензия ұсыну туралы көрсетпеген.
Шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы жеткізушіге онда Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) шеңберінде қызметті жүзеге асыру үшін оның бар болуы талап етілсе, рұқсат (хабарлама) беру туралы талап қамтылатын жазбаша шақыру жібереді.
Алайда, рұқсаттар (хабарламалар) туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда жеткізуші рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін сатып алуға қатысуға келісімінде ұсынады.