meta data for this page
  •  

Сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілер өтімдерін берген сәтке дейін сатып алу порталында техникалық ерекше нұсқамаға өзгеріс енгізе алады ма

Тендер тәсілімен сатып алу кезінде сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді берудің соңғы күні аяқталғанға дейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей өзінің бастамасы бойынша немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендердің талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік 5 күнге ұзартылады.

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу кезінде бұрын жарияланған хабарландыруға баға ұсыныстарын табыс ететін соңғы күнге дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді. Бұл ретте сатып алуды ұйымдастырушы сатып алу порталында хабарландыруға енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жариялайды және баға ұсыныстарын табыс ету мерзімін кемінде 5 (бес) жұмыс күніне ұзартады.

Бұдан әрі «Техникалық ерекше нұсқама» бөлімінде файлды жоюға және қажетті құжатты (файлды) жүктеуге болады.