meta data for this page
Тапсырыс беруші өтпеген шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алуды осы тәсілмен қайта өткізуге міндетті ме.
Шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған немесе жеткізуші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларында көзделген тәсілдердің бірімен қайтадан сатып алуды жүзеге асырады.