meta data for this page
"Ерекше пікірді енгізу"
Қабылдау хаттамасында/алдын ала жіберу хаттамасында шешіммен келіспеген жағдайда, тендерлік комиссияның мүшесі (-лері) «Ерекше пікір» қалдырып, қажет болған жағдайда құжатты жүктей алады.
Ерекше пікір болған кезде, комиссия мүшесі оны «Алдын ала рұқсат беру хаттамасына/Рұқсат беру хатттамасына» қол қою кезінде «Ерекше пікір» жолағында мәтінмен жазады.
Назар аударыңыз!!! «Алдын ала рұқсат беру хаттамасына / Рұқсат беру хаттамасына қол қою» батырмасын басқаннан кейін қолданыстағы «Алдын ала рұқсат беру хаттамасында /Рұқсат беру хаттамасында» ерекше пікірдің мәтіндік шешімін өзгертуге болмайды. Ерекше пікірдің мәтіндік шешіміне өзгерістер енгізу тек хаттаманы тендерлік комиссияның хатшысы қайта жасаған жағдайда ғана мүмкін болады.
«Ерекше пікірді» қалыптастырған кезде және «Алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қою»/«Рұқсат беру хаттамасына қол қою» батырмасын басқан кезде, ерекше пікірдің енгізілген мәтіндік шешімі тендерлік комиссияның барлық мүшелеріне және комиссияның хатшысына комиссия мәзірінде көрсетіледі.


